Мектепалды даярлық тобы бүлдіршіндерімен қоштасып, бүлдіршіндерімізді мектепке шығарып салдық. Бұл күн ата-аналар үшін үлкен қуаныш болса, біздер үшін үлкен мерей дей келе бүлдіршіндерімізді құрметпен қошеметтеп ортаға шақырып, даярлық тобында алған тәлім-тәрбиелері мен білімдерін тамашаладық. Ертеңгілікте бүлдіршіндердің өнерлерін қызықтап, олардың бір жасқа есейіп қалғандарын, өнер мен білімді қатар меңгеріп, болашақта алар асулары биік екені жарқыраған жанарларынан көрініп-ақ тұр. Ертеңгілікте барлық бүлдіршіндер бірі ән шырқап, енді бірі би билеп алдарына жан салмай өнерлерін паш етті.Әсіресе «Озат оқушы», «Тәуелсіз ел ұланы» атты өлеңді нақышына келтіріп орындай білді. «Санамақ», «Алфавит сыры», «Отан» , «Мен мектепке барамын» өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Алдағы уақытта бүлдіршіндеріміз биік шыңдардан көрініп, біздің үмітімізді ақтарына сенімдімін.