Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495529263
<

введите текст

введите текст

Тілдер апталығы

«Тауағаш орта мектебі» КММ
2017-2018 оқу жылы
«Үш тілділік – үш негіздің арнасы» атты
ХІХ тілдер фестивалі

       11.09-22.09. күні аралығында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде «Үштілділік – үш негіздің арнасы» атты  ХІХ тілдер фестивалі өтті. Фестивальдің бірінші күні, яғни 11.09.2017 ж  «Тіл – достықтың діңгегі» тақырыбында жасалынған таныстырылым түрінде өтті. Сондай-ақ оқушылар апталық жоспарымен танысты.

12.09.2017 жыл. Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Копеева Алма Ералымовнаның ұйымдастыруымен 9-11-сыныптар аралығында «Слова назидания Абая» атты дөңгелек үстел өтті. Оқушылар Абай Құнанбаевтың қарасөздерін талқылып, өзара ой бөлісті.

13.09.2017 жыл. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сагандыкова Жанар Сериковнаның ұйымдастыруымен 5-6-сынып оқушылары «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбында коллаж жасады. Коллаж жасау барысында оқушылар белсене қатысып, шығармашылық қырларынан танылды.

14.09.2017 жыл. Ағылшын пәнінің мұғалімі Сабитова Акеркем Жанабаевна 8-9-сынып оқушыларымен «Funny numbers» танымдық ойынын жүргізді. Оқушылар танымдық ойынға аса қызығушылықпен қатысты. Нәтижесінде 8-сынып оқушылар жеңімпаз атанды.

15.09.2017 жыл. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кубетаева Айымгуль Муратовна 8-10-сынып оқушыларымен «Жүрдек пойыз» интеллектуалдық сайысын өткізді. Сайыс екі кезеңнен тұрып, оқушылар екі кезеңде де белсенділік танытты. Сайыс соңында І орын – 10-сынып оқушыларына, ІІ орын 8-сынп оқушыларына, ІІІ орын – 9-сынып оқушыларына бұйырды.

18.09.2017 жыл. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Копеева Алма Ералымовнаның жетекшілігімен 7-8-сынып оқушыларының арасында «Знай и люби» атты викторина өтті. Викторина өзінің қызықты әрі танымдық сұрақтарымен ерекшеленді. Оқушылар да өздерін жақсы қырларынан көрсетіп, сұрақтарға ұтымды жауап бере білді.

19.09.2017 жыл. Ағылшын пәнінің мұғалімі Балгожина Сандугаш Боранбаевна 6-сынып оқушыларымен «Magic crossword» атты сөзжұмбақтар сайысын өткізді. Оқушылар ағылшынша сөзжұмбақтарды шешіп, тапқырлық танытты.

20.09.2017 жыл. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сагандыкова Жанар Сериковна 5-6-сынып оқушыларымен «Тапқыр достар» атты сайысын өткізді. Бұл жолы да балалар тапқырлық таныта білді.

21.09.2017 жыл. Ағылшын пәнінің мұғалімі Сабитова Акеркем Жанабаевна 9-11-сынып оқушылары арасында «Happy English» викторинасын өткізді. Викторина барысында оқушыларға ағылшынша түрлі сұрақтар қойылып, ұтқыр жауаптар алынды. Нәтижесінде 1-орынды – 9-сынып, 2-орынды – 11-сынып, 3-орынды – 10-снып қанжығасына байлады.

22.09.2017 жыл. Ағылшын пәнінің мұғалімі Сабитова Акеркем Жанабаевнаның, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Копеева Алма Ералымовнаның және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кубетаева Айымгуль Муратовнаның ұйымдастыруларымен «Үш тілді білу – үш әлемді білу» қорытынды сайыс кеші өткізілді. Сайыс 6 кезеңнен тұрып, 9-11-сынып оқушылары қатысты. Сыныптар топқа бөлу әдісі арқылы екі топқа бөлінді. 1-топ – «Тапқырлар», 2-топ – «Ұтқырлар». Алты кезең бойы оқушылар топтаса отырып белсенділік танытты. Нәтижесінде «Ұтқырлар» тобы жеңіске жетті. Кеш соңында пән мұғалімдері оқушыларды марапаттап, кешті өздерінің насихат сөздерімен аяқтады. Жалпы алғанда тілдер фестивалі өз деңгейінде өтті.

 











 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь