13 – қазан күні өткен «Сәлем саған, алтын күз!» мерекесіне 6-11 сынып оқушылары қатысты. Бұл мерекені өткізудегі мақсат: осы кездегі адамдардың еңбегін тағы бір рет естеріне салу; сонымен қатар, өзара татулық, сыйластық, еңбекқорлық сияқты асыл қасиеттерді бойларына сіңіру болатын. Бұл мерекеде ән, би, КТК, көрме және де битбокс-та болды және оқушылар өздерін жақсы жақтарынан көрсете білді. Сол себепті мерекенің жақсы, жоғары деңгейде өтті деп есептеймін. Атап айтқанда 9-сынып оқушыларының қойған көріністері көрермендердің жылы ықыласына бөленді. 10-11 - сынып оқушыларының билеген биі қонақтар мен ата-аналардың, ұстаздардың көңіл-күйлерін көтеріп тастады . Мерекеде сонымен қатар Жұматаев Айбергеннің әр түрлі ырғақпан битбокс орындауы көрермендердің көңілінен шықты. 6-сынып оқушыларынан құрылған «Жайдарман» тобы өзінің әзілдерін көрерменге ұсынды. Кеш соңы мектеп директорының құттықтау сөзімен аяқталды. Оқушылар да, ұстаздар да жақсы көтеріңкі көңіл-күйде тарқады.
Ағылшын тілі мұғалімі: Сабитова А.Ж.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау