Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495529263
<

введите текст

введите текст

Ашық тәрбие сағаты "Аяулы менің анашым! " 7 cынып

Аяулы менің анашым!

Мақсаты:

8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.

Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.

Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сынып мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар, нақыл сөздер

 

Мұғалім:

 Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!

Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, аналар, арулар!

Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8- наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік «Аяулы менің анашым!» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын! Қош келіпсіздер!
Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады.

Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…

(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып оқушылар сахнаға шығып, ай секілді дөңгеленіп тұрады да орталарына екі жүргізуші келіп тұрады).

Мұғалім сөзінен соң оқушылар айша дөңлегеніп,хормен Ана туралы бір ән  айтады

Ш.Қалдаяқов «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған»

Мұғалім:

Бүгін – наурыздың сегізі Анасыз жоқ бір үнің,

Сұлулықтың негізі! Әжесіз жоқ бір күнің,

Әдемі сөз - Ұсынамыз бүгін

Адамның Сөздің сұлу шоқ гүлін.

Анаға айтар лебізі.

Мұғалім:

Сөздің кезегін Анасын қадір тұтатын біздің оқушыларымызға береміз.

1-оқушы:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жа ссәби де жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ

Ана деген – асылжаңдарбұлақтай

О, адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл – ойды тонатпай

2-оқушы:

Өр десекте сіздерді—лайықсыздар.

Төр десекте сіздерді—лайықсыздар.

Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.

Зор десек те сіздерді — лайықсыздар.

Анасыздар, кең байтақ даласыздар.

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.

Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,

Үлбіреген жауқазын ,баласыздар.

 

Мұғалім: Мама – бұл сөз әр бір халықтың тілінде бар. Барлық тілде мейрімді, жылы естіледі. Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік үлкен тағдыр. Ана  сөзі біздің елең еткізбей жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды. /видео-ролик  Ана жайлы нақыл сөздер/

3-оқушы:

Аналық алтын борышың,
Жүр әлі менің арқамда.
Көтеріп сізді сол үшін,
Меккеге күнде барсам ба?!
Ақ маңдайыңның әжімі,
Жылдардың ізі шуақты.
Омырауыңның ақ сүті –
Өтелмес қарыз сияқты.

4-оқушы:

Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,

Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.

Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.

Айнала  ұшып сіздерді көбелек боп,

Өртеніп  қастарыңнан кете алмаймыз.

5-оқушы:

Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,
Мерекеден шуақты бір із қалды.
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!
Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады, аялайды бағады.
Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті – ананы

6-оқушы:

Жақсы әйел ер жігітке береді екпін!
Келіп тұр сені құрбым, елеп өткім.
Ұл туып,
Қыз өсіріп,
Ене күткен,
Сен алтын кеней сынды кереметсің!
Оны жұрт білмесе де мен білемін,
Былғансын жаялыққа жең-білегің!
Бесікте бақыт-балаң жатсын құрбым,
Төрт бөліп түн ұйқыңды елжірегін.
Осылай үлкен боп берік тұрғын,
Би етіп жан-жарыңды еліктіргін.
Жан құрбым, бір сен үшін жер түбінен,
Бір ауыз тілек үшін келіп тұрмын...

Мұғалім:

Ана десем сезім білер тым ыстық

Жарасымды адамдарға туыстық

Бар адамға берсе ананың мейірін

Орнар еді бар әлемге тыныштық

Ана десем, алғыс алам халқымнан,

Ана десем, теңіз болам шалқыған

Ана десем, ашылады қабағым

Ана десем, әділдікті ұғамын

 

Мұғалім:

Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең. Сабақтарды әрдайым қызықты өткізіп, ойын ойнататындарыңыз әлі де есімізде.

 
***  Қағазға алдын ала ерекше қылығы бар 3 ұстаздың және 3 оқушының есімі жазылады. Артынша бұл қағаздар таратылады. Ұстаздар қағазда есімі жазылған оқушыны, ал оқушылар ұстазына пародия салады. Барынша сыпайы жақсы мінездерін салуға тырысу керек.

 

***Бүгінгі кешімізді қызықтыра қету үшін кезекті ойынға берсек.

Қадірменді өнер сүйер қауым! «Әнді тап» атты ойын ойнауға шақырамын. Қазіргі музыка қосам, сіздер сол әннің атын табуларыңызды сұраймыз.

 

***(Сахнаға 2 ата-ана шығарамыз.)  Ойынымыздың  аты«Би алаңы»деп аталады. Ал ойын шарты былай: сіздерге арнап музыка қосамыз.Ойынның қызығы сол, егер біз аяқ десек,тек аяқтарымызбен, ал бас десек тек бастарымыз бен билейміз. Осылай барлық мүшемізді билетіп шығамыз.

Мұғалім:

Жас ару жас ғұмырдың талғамысың,

Қуантқан әрбір үйдің арманысың.

Дәл бүгін қанат қомдап сыналарда

Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын, -дей отырып, ситуациялық сұрақтарымызға кезек берейік, ортаға қатысушы аналарымызды құрметпен шақырамыз.

1-сұрақ: Бүгін сіздің қызыңыздың ең жақын құрбысының туған күні. Қызыңыз сыйлық үшін ақша сұрады. Ал сізде ақша да, басқа бір бағалы сыйлық та жоқ. Мұны қызыңыз түсінер емес, үйді басына көтеріп, жылап отыр. Қарыз сұрадыңыз. Ешкімнен табылмады. Сіз қандай әрекетке барасыз?

2-сұрақ: Қызыңыз дәл қазір өтпелі кезеңде. Ол тым дөрекі болып барады. Сізді ана, жарыңызды әке деп қарамайды. Ылғи да дауыс көтеріп сөйлейді, айтқандарыңызды тыңдамайды. Күннен күнге бұзылып бара жатқандығын байқадыңыз. Темекі де шегетін секілді. Ашық сөйлесіп көріп едіңіз. Нәтиже жоқ. Не істейсіз?

3-сұрақ: Сіздің қызыңыз сыныптасының ақшасын ұрлап алыпты. Мұнымен қоймай ол қызбен төбелесуге дейін барыпты. Сізді ата-аналар жиналысына шақыртып масқара етті. Қызыңызды тәрбиелеу үшін қандай әрекеттер қолданасыз?

4-сұрақ: Сіздің қызыңыз сабаққа барғысы келмейді. Ұрыстыңыз, ұрдыңыз, мұғалім көмегіне жүгіндіңіз. Бірақ, ол бәрібір де таңертең тұрмайды. Сабаққа деген еш қызығушылығы жоқ. Қандай әрекеттер жасайсыз?

Аналар сұрақтарды ашып жауап береді. Ұтқыр ойдың иесі жоғары балға ие болады.

 

 Мұғалім:

Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін, 
Жинадың сен маған.

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше жас журналистеріміздің сұрақтарына жауап беріп көріңіздер

. Оқушылар кезек-кезек мұғалімдерге сұрақ қояды:

  1. Мектептегі ең сүйікті оқушыңыз кім?
  2. 8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?
  3. Жарыңыздың осы мерекеде сыйлаған ең алғашқы сыйлығы есіңізде ме?
  4. Мектебіміздің ең-ең бұзық оқушысы кім деп ойлайсыз?
  5. Өлең айтып бере аласыз ба?
  6. Әріптестеріңізді құттықтап 4 жол өлең шығара аласыз ба?
  7. Осы мерекеде сізді кім ең бірінші құттықтады?
  8. 8 наурыз мерекесі қайдан шықты? :/1910 жылы Копенгагенде жұмысшы әйелдердің қатысуымен II халықаралық конференция өтті. Социал-демократ партиясының әйелдер тобының көшбасшысы Клара Цеткин8 наурыз халықаралық әйелдер күнін жыл сайын белгілі бір күнде тойлау керектігі туралы ойын ортаға тастады. Оның бұл ұсынысын өз құқықтары үшін күресуге бел буған қалың әйелдер тобы іліп әкетіп, келесі жылы-ақ, яғни 1911 жылдан бастап, Австрия, Дания, Германия мен Швейцарияда 8 наурыз мейрам ретінде тойланды./
  9. Бұл мереке біздің елімізде қай жылдан бастап атап өтіліп келе жатқанын білесіз бе? /Біріккен ұлттар ұйымы 1975 жылды – Халықаралық әйелдер жылы деп жариялап, 8 наурызды ресми түрде мереке етіп бекітті. /
  10. Осы мерекеде анаңызға қандай сыйлық жасадыңыз?

 

Мұғалім: Өміріміздің әрбір сәтін есімізде сақтап қалу мүмкін емес. Десе де, фотоаппараттың көмегімен оны жүзеге асыруға болады. Назарларыңызға естеліктерді ұсынамыз. ( видео-ролик «Балалық шақ»).

 

Мұғалім:

Білгенге маржан (сұрақ-жауап)

Білім құйған бойына

Қанын өмір жайына

Салт дәстүрдің әр сөзін

Сақтап жүрген ойына - деп аналарды ортаға шақырамыз

/шар немесе гүлдің ішінде сұрақтар жасырынып тұрады/ /5 сұрақтан/

*. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т. б.)

* Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)

* Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)

* Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)

* Тамақ әзірлеу өнері (кулинария)

* Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)

* Шыт, атлас, жібек, бархыт, левисон (синтетика) т. б. (мата)

* Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)

* Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек? (түсте)

*. Нанның кептірілген бөліктері (сухари)

* Картоптан жасалған ботқа (пюре)

* Шашқа тағатын әшекей (шашбау)

* Үйдегі машина, бірақ онымен ешқайда бара алмайсың. (кір жуатын машина, тігін машинасы)

*  Қыздың бұрымы дегеніміз не? (өрілген шаш)

*  Жұма сайын пісірілуге тиіс мұсылман наны? (шелпек)

* .Аллада не жоқ? (бауыр)

*« Сұлу» деген сөздің синонимі? ( Ару)

*. Келін түсіру, қыз ұзату дәстүрінде айтылатын қандай салт жырларды білесіңдер? ( Той бастар, «Жар - жар», « Беташар»,« Сыңсу»).
* Әйел махаббат құдайының құрметіне қай планета аталды?(Венера планетасы).
*Әйелі көркі неде? (Ақылда)
* Адамға не қымбат? (Бала)

Мұғалім:

Бөбегіңнің сыйлығын,

Қабыл алшы анашым

Ұзақ өмір жүз жасап

 Ауырмашы анашым

Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен. Соны табыс етсін.

Тәрбие сағатымыздың соңын тосын сыйымызбен, сіздерге арнайы түсірілген «Рахмет, сізге мама!»туралы монолог  видеомен, аяқтаймыз.

 

Аналар, қалқып бақыт аралында,

 Лайым мұң қонбасын жанарыңа

Осымен кешімізді аяқтайық

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Аяулы менің анашым!» атты тәрбие сағатымызды  жабық деп жариялаймыз. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!

 

 

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь