Бүгін 17 қыркүйек "Әлемдік тазалық күні" экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті.
Сенбі күні елімізде «Birge – Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы өз жалғасын тауып, тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Акцияға қазалылықтар да өз үлестерін қосып, туған жерді күл-қоқыс, түрлі қалдықтардан тазарту жолында апта сайын аянбай еңбек етуде.
Тек қала сырты емес, аудан орталығы – Әйтеке би кентінде де серпінді сенбіліктер ұйымдастырылды. Кенттің тазалығына жауапты мекемелер орталық көшелердегі қоқыстарды жинап, арнайы орынға шығарды.