Бүгінгі күні келешек ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастыру негізінде, заманауи талаптарға сай спорт кешені салтанатты түрде ашылып, зор қуанышқа бөлендік. Спорттық кешен төрт алаңнан тұрады: футбол алаңы, волейбол алаңы, бүлдіршіндерге арналған алаң және жаттығу алағы. Мұнда оқу сабақтарын да, секцияларды да өткізуге болады, сонымен бірге әр адамның денсаулығын нығайтуға да мүмкідік тудырады.
Ата-аналар тарапынан, мұғалімдер атынан, бұл спорт кешенінің ашылуына бағыт-бағдар берген аудан әкімі Оспанов Медет Дулатұлына және қаржылай көмек көрсеткен, ауыл тұрғындарының өміріне әрдайым мұқият назар аударатын «Ильинское» ЖШС басшысы Бурлев Александр Владимировичке алғысымыз шексіз. Сіздерге зор денсаулық, жұмыстарыңызда табыс, істеріңізге сәттілік тілейміз. Осы қуанышқа бөленген бүлдіршіндеріміз де ертең ел қорғаны болып, Қазақстанның көк туын желбірететін, намысын қорғайтын, болашақ чемпиондар болуына тілектеспіз.