2022 жылғы 17 қазанда Заградовка орта мектебінде Республика күнін атап өту мақсатында диктант жазылды. Диктанттың тақырыбы: «Біздің Отанымыз». Диктант мәтіні оқушылардың сынып ерекшеліктеріне байланысты берілген. Мәтін мазмұны мемлекеттің құндылықтары мен қағидаттарын құрметтеу, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту, Отанын, туған елін сүюге тәрбиелеуді мақсат етті. Диктантты өткізген қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жамалиева А.С.