Мектеп кітапханасында «Оқу мектебі» жобасы аясында «Энциклопедиялар баршаға белгілі!» атты энциклопедия күні өтті. Балалар біздің мектеп кітапханасында қандай энциклопедиялар бар екенін және олардың сөрелерде ең құрметті орын алатынын білді. «Анықтамалық әдебиет» ұғымымен танысып, қажетті әдебиеттерді өз бетінше іздеуге үйрендік. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, анықтамалық әдебиеттер қойылған кітап көрмесімен таныстық.