«Қыста оқимыз» акциясы аралығында мектеп кітапханашысы Жумабекова М.К. 31.12.22-08.01.23 аралығында 5-9 сынып оқушыларына оқуға ұсынылған кітаптары:
1. Мадина Омарова «Көмбе нанның дәмі»
2. Оралхан Бөкеев «Қар қызы».
Кітаптарын оқып шыққан соң достарымен өз пікірімен бөлісуді ұсынды. Ұсынылып отырған кітаптар туралы мағұлмат беріліп, М.Омарованың өмірбаяны және шығармалары таныстырылды. «Көмбе нанның дәмі» драмасын таныстырды. Оқу адамзаттың жан-жақты да белсенді болуына ықпал ететінін ұғындыру мақсатында оқырман қауымның кітапқа деген қызығушылықтарын арттырды.