"Шығармашылық. Құзыреттілік. Бастама" жас педагогтар апталығы
19 қаңтарда "Өрнек негізгі мектебі" КММ, "Шығармашылық. Құзыреттілік. Бастама" жас педагогтар апталығы аясында-жас маман Ашимов Д.Ш. 7-8 сынып оқушыларымен "Мен қалаймын... Мен істей аламын..." атты педагогикалық қызметті жандандыру мақсатында сыныптан тыс іс шара өткізді. Жаттығу «Мен қалаймын – мен істей аламын»
Мақсаты: Жасөспірімдердің өзінің шынайы тілектері мен мүмкіндіктерін сезіну.
Мазмұны: Топтың қатысушыларына өз тілектері мен мүмкіндіктерінің тізімін жазу ұсынылады. Топта «Менің барлық тілектерім орындалады ма және ол орындалуы үшін не қажет» тақырыбында талқылау өткізіледі. Мұғалім балалардан сұрайды: «Сіздің мақсатқа жету үшін қабылдаған шешімдеріңіз басқа адамдардың өміріне зиян келтіруі, ыңғайсыз жағдайлар туғызуы мүмкін бе?». Талқылауда тек жағымды іс-әрекет қана жақсы қорытындыларға жеткізетіне мән беріледі. Тек басқа адамдардың құқықтарын сақтағанда ғана, адам өз іс-әрекеттерінен қанағат алады, ал оны бұзғанда, керісінше, заңдық тұрғыда қиындықтарға ұщырайды. (Егер балалар қандай да бір моральға қайшы пікір жазса да, оларға ренжімеген дұрыс. Талдау кезінде мұндай пікір білдіргенде басқа адамдардың құқығы бұзылатындығы туралы айтылады.)