«Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы Есіл ауданының №3 Явленка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Мектепке жол» акциясы басталған болатын.
2017 жылғы тамыздың 1-нен бастап, қыркүйектің 30-на дейінгі аралықта жағдайы төмен отбасылардағы балаларға жаңа оқу жылына дайындыққа және 1 қыркүйекте әлеуметтік себептер бойынша келмей қалудың алдын алуына бағытталған «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. Акцияға байланысты бұйрық бекітіліп, іс-шаралар жоспары іске асты. Жоспар бойынша жағдайы төмен отбасыларынан шыққан балалардың тізімі құрылды. Әрбір балаға сынып жетекші, әлеуметтік педагог ата-аналар комитетімен бірлесе үйлерін аралады. Сынып жетекшілер тарапынан оқушыларға оқу құралдары сыйланды.