Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495529263
<

ВЫБОР 2014

введите текст

Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ

                Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын  қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының ережелерінде «Денсаулық дегеніміз – тән ақауының немесе аурудың болмауы емес, сонымен бірге ол рухани, физикалық, әлеуметтік – саулықтың толық  мәнді теңдігі». Отанымыздың келешегі көркеюі  өзіміздің қолымызда. Сондықтан біздің таңдауымыз салауатты өмір салтын сақтау.






                    Спорт және дене шынықтыру қазіргі күні маңызды орын алды. Ол адамның денсаулығын нығайтып, еңбекке деген ынтасын арттырады. Ағзаның үйлесімді дамуына мүмкіндік туғызып, бос уақытты жан-жақты тиімді пайдалануға ықпал жасайды.

                    Еліміздің Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп айрықша атап өтті. Сондықтан біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулыққа байланысты.




              Азаматтарды спортпен шұғылдануға үндейтін бұл шараның ашылуы 9 қыркүйек 2017ж Явленка аудандық стадионында ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға А. Шәжімбаев атындағы Явленка №3 мектебінің оқушылары мен қызметкерлері қатысты. Атаулы шара барысында спорттық жаттығулар, күзгі кросс, жүгіріс,ойындар өткізілді. Оқушылар флеш-моб билеп, серуенге шықты.
                  Тек қана дені сау адам өзінің үнемі ой өрісін кеңейтіп, өмірдегі мақсатына жетеді. Әрбір адамның денсаулығының мықты болуы өз қолыңда.



Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь